Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жер сілкінісінен кейін келісімшартқа қол қойдық": Ерке Есмахан мен Raim көпшіліктен сүйінші сұрады (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Raim Алматыда болған кешегі жер сілкінісінен кейін жер үй сатып алды. Виллалы болғанын айтып, Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрады KAZ.NUR.KZ.

"Біздің жанұямызда бүгін үлкен қуаныш орын алды. Оны мен айтпасам, күйеуімнің айтпайтыны анық. Қысқасы, сүйінші! Жер үйлі болдық. Күйеуім көптен іздегенін тапты. Аллаға сансыз шүкір! Алла берекелі, қайырлы етсін.

Бүгін жер сілкінісінен кейін ес жиып, қорыққаннан тез барып, келісімшартқа қол қойдық. Енді салынып біткенін күтеміз. Алла түрлі табиғи апаттан сақтасын", - деп жазды Ерке.

Сонымен қатар әнші күйеуінің құжаттарға қол қойған сәтін де көрсетті.

"Қожайынның таңдауы - вилла", - деп жазды Ерке Есмахан.

Айта кетейік, Ерке Есмахан былтыр қарашада екінші ұлын дүниеге әкелген болатын.

Ерке Есмахан сторис
Ерке Есмахан сторис. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064509-zer-silkinisinen-keiin-qol-qoidyq-villa-satyp-algan-erke-esmaxan-men-raim-kopsilikten-suiinsi-surady-foto/

pixel