"Аяқ сүйегі шытынады": отандық әнші жер сілкінісі кезінде жарақат алды (фото)
Жарияланған күні:
Отандық жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаш кешегі Алматыда болған жер сілкінісі кезінде жапа шекті. Әнші жолдасының аяқ сүйегі шытынағанын Instagram-дағы парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Жер сілкінісінен жарақаттанып қалды. Жай аяғын майыстырып алды ма десек, болмады. Аяғын шығарып алдық", - деді Қарлығаш.
Кейінірек әнші күйеуінің жағдайын бөлісіп, аяғының сүйегі шытынап кеткенін айтты.
"Аяқ сүйегі шытынапты ғой", - деп жазды әнші.
Сонымен қатар Қарлығаш жер сілкінісінен кейін алты баласын алып, жер үйіне көшкенін де атап өтті.
Айта кетейік, жұлдызды жұптың шаңырақ көтергеніне 20 жылға жуық уақыт өткен. Отандық бағдарламаның бірінде Қуаныш жұбайы Қарлығашқа алғыс айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064554-ayagy-syndy-otandyq-ansi-zer-silkinisi-kezinde-zaraqat-aldy-foto/