"Түсім деп ойладым": Сәбит Әбдіхалықов жер сілкінісінен кейін ауруханадан кетіп қалған
Жарияланған күні:
Актер Сәбит Әбдіхалықов осыдан бірнеше күн бұрын жүрегіне күрделі ота жасатты. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында Алматыда болған жер сілкінісінен кейін ауруханадан кетіп қалғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Екі апта бұрын жүрегіме ота жасады. Қалалық кардиоорталықта ем қабылдап жаттым. Негізі ауырып жатырмын. Палатада жатсам, көзім ілініп кетіпті. Кеменің ішінде жатқандай болдым. Түсім деп ойладым. Гүрілдеген дауыс шықты. Киімімді жинап, ауруханадан шығып кеттім.
Жер сілкінісі кезінде ауруханада ешқандай дүрбелең болмады. Дәрігерлер "Жылы киініп отырыңыздар. Далаға шығаруымыз мүмкін" деп ескертті. Ештеңе болмағаннан кейін үйге қайттым", - деді Әбдіхалықов.
Еске сала кетейік, ақпан айында актердің жүрегіне 5 сағатқа созылған күрделі ота жасалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064617-tusim-dep-oiladym-sabit-abdixalyqov-zer-silkinisinen-keiin-auruxanadan-ketip-qalgan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.