Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біреуі - мұражайда": отандық академик Димаш Құдайбергенге ең көне екі қобыздың бір көшірмесін сыйлады (фото)

Жарияланған күні:

Дархан Қыдырәлі, Димаш Құдайберген
Дархан Қыдырәлі, Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

Академик Дархан Қыдырәлі Димаш Құдайбергенге көне қобыздың ғылыми көшірмесін сыйға тартты. Ең көне қобыздың екіншісі болашақ ұрпаққа аманат ретінде мұражайға табысталған, деп хабарлайды dimashnews.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сайт мәліметіне сүйенсек, қобыз 2014 жылы археологиялық экспедиция кезінде табылған. Аталмыш қобыз VI-VII ғасырлардан қалған мұра деген болжам бар.

Экспедицияны сол кезде халықаралық түркі академиясының президенті болған Дархан Қыдырәлі басқарған. 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде – ең көне қобыз Алтай тауындағы қазіргі Берелі аймағында, Қарақаба үстіртінде табылды.

Көне қобыз
Көне қобыз. Фото: dimashnews.com

Сайт мәліметіне сүйенсек, қобыздың бір ғылыми данасы Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, екінші данасы болашақ ұрпаққа сақтау үшін мұражайда қойылды.

"Экспедиция кезінде табылған қобыз – бүгінгі күнге дейін табылған мұралардың ішіндегі ең көнесі және бірегейі. Ол тек қазақтың ғана емес, бүкіл көшпелі халықтың ұлттық аспабы. Осының бәрін ескере келе, біз ата-бабамыздан қалған бұл қобызды шығармашылық жолы табысты, баянды болсын деген ізгі ниетпен Димашқа беруді жөн көрдік", – дейді Дархан Қыдырәлі.

Дархан Қыдырәлі, Димаш Құдайберген
Дархан Қыдырәлі, Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064620-bireui-murazaida-otandyq-akademik-dimas-qudaibergenge-en-kone-eki-qobyzdyn-bir-kosirmesin-syilady-foto/