Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Артур Асқарұлы "ориентациясына" күмән келтіргендерге жауап берді

Опубликовано:

Артур Асқарұлы
Артур Асқарұлы. Фото: instagram.com/archibaaalt

Вайнер, актер Артур Асқарұлының "ориентациясына" қатысты әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тараған. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында ел арасында жүрген қауесетке жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Артурдың айтуынша, ол желіге тараған жалған ақпаратқа бас қатырмаған.

"Негізі өте күлкілі жағдай. Елімізде түрлі әлеуметтік желідегі каналдар бар. Мені жасырын, топ 10 ориентациясы басқа адамның қатарына қосып қойған. Креативті адам болғасын, әлеуметтік желідегі парақшамда "Неге топ 3-тікке қоспадыңдар" деп әзілдедім.

Мен Қазақстанда футболды дамытып жатырмын. Өз академиям бар. Онда 300-ге тарта бала жаттығады. Штатта қаншама адам жұмыс істейді. Сондықтан мұндай дәлелсіз жаңалықтарға бас қатырмаймын. Күлдім де, қойдым. Маған жала жабу үшін тапсырыс беретіндей, ешкімнің жолын кеспедім. Өмірде жан баласын ренжітпеймін. Біреудің көңіліне тиюден қорқамын", - деді Артур Асқарұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064745-akter-artur-asqaruly-orientaciyasyna-kuman-keltirgenderge-zauap-berdi/

pixel