Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуімнің жүйкесіне тие бастады": Мадина Оспанова босанғаннан кейін 2 ай төсек тартып жатқанын айтты

Опубликовано:

Мадина Оспан
Мадина Оспан. Видеодан кадр: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

Актриса Мадина Оспанова босанғаннан кейін екі ай бойы төсек тартып жатқанын айтты. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында бұл жағдай күйеуінің жүйкесіне тигенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шын толғақ келгенде, басқаша сезімде болдым. Ұйқыдан оянсам, ішім ауырып жатыр. Дұрыс емес бірнәрсе жеген сияқтымын дедім. Күйеуім келіп, дәрігер жазып жатыр дейді. Сөйтіп перзентханаға келдік. Бірақ еш затымды әкелмегенмін. Күйеуім заттарымды әкелді.

Таңғы сағат 03:00 болды. Толғақ қатты болғанымен, әлі босанбадым. Гинеколог "Саған эпидуралка салайық. Әлсіреп қалсаң, өзің босана алмайсың" деді. Мен эпидуралканы тамырға салады деп ойладым. Сөйтсем, омыртқама салды. Содан кейін толғағым жылдамдап, таңғы 08:15-те босандым. Эпидуралкадан белден төмен сезбей қалады екенсің. Мамандардың айтқанын естігеніммен, қайталай алмадым. Дәрігер баланы кеудеме қойды. Содан кейін екі күн жүре алмай қалдым", - деді Мадина Оспанова.

Сонымен қатар актриса арада бір ай өткенде тағы да екі ай бойы жүре алмай қалғанын айтты.

"Ненің әсері екенін білмеймін, арада бір ай өткенде тағы екі ай бойы белім ауырып, жүре алмай қалдым. Ал менің балам қолға үйреніп алған. Демала алмаймын. Келінмін, үйде жата алмаймын. "Бала босандым" деп жатып алсам да, болмайды ғой. Емделдім. Қаланың шетінде массажбен емдейтін кісі бар. Содан ем алдым. Ол нәрсе күйеуімнің де жүйкесіне тие бастады. "Ай, ауырады" деймін. Орнымнан тұра алмаймын. "Маған көмек керек" деймін. Балам қырқынан шыққанша, күйеуім жанымда болды. Баланы қырқынан шығарғаннан кейін "Мен төркініме барып, емделіп келейін. Мен мына жақта жата алмаймын" дедім.

Жаныңдағы адам ауырып жатыр. Ер адамның табиғаты баланы толықтай қарауға бейімделмеген ғой. Солай үйге кеттім. Сөйтсем, менде грыжа бар екен. Төркінімде біраз ем алдым. Белім жазылды дегенде, Алматыға келдім. Бірақ бел ауруы әлі бар", - деді Мадина Оспанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064986-kuieuimnin-zuikesine-tie-bastady-aktrisa-madina-ospanova-bosangannan-keiin-2-ai-tosek-tartyp-zatqanyn-aitty/

pixel