Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдік поп-жұлдыз Inna жер сілкінісіне байланысты Алматы мен Астанадағы концерттерін кейінге шегерді

Опубликовано:

Inna
Inna. Фото: instagram.com/inna

Әлемге әйгілі румыниялық әнші Inna жуырда болған жер сілкінісіне байланысты Қазақстандағы концерттері кейінге шегерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал шетелдік әнші Inna Instagram парақшасында жанкүйерлеріне ұнамсыз жаңалығын бөлісті.

"Өкінішке қарай осы аптаның басында Алматыда болған жер сілкінісіне байланысты промоутерлер қауіпсіздікті бірінші орынға қою керек деп ойлап, алдағы концерттерді қайта жоспарлауды жөн көрді. Бұл шешім оңайлықпен қабылданған жоқ.

Ертең бірге көңіл көтере алмайтынымызға қатты өкінемін, бірақ әуелі қауіпсіздікті сақтау керек", – деп жазды Inna.

Inna әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында 8-9 наурызда өтуге тиіс концерттер енді 29 әрі 30 сәуірде өтетінін хабарлады.

Айта кетейік, әншінің жанкүйерлері ұйымдастырушылардың шешіміне көңілі толмай, жазба астына пікір қалдырған.

"Қымбат рейстің ақшасын кім қайтарады?", "Билеттерді қайтаруға бола ма? Бұл сыйластықтың жоғы, қыруар ақша ауаға кетті"

"Не сандырақ бұл? Неге оны сылтау қылып отыр? Алматы таулы жерде орналасқан, бұған дейін де жер сілкінісі болған, әлі талай болады. Оның үстіне зілзала болған жоқ қой. Әлде сәуірде жер сілкінісі болмайды дейсіз бе? Ұйымдастырушыларға рахмет, мерекемнің шырқы бұзылды. Одан да билеттерді тапсыра салғаным дұрыс, енді концертке барғым келмей кетті. Әлі бір жарым ай күтуім керек"

"Біз Қырғызстаннан концертке бара жатқан едік, оны 3 ай бұрын жоспарлап, жұмыстан демалыс алып, Алматыға жаңа келдік, сан соқтырды-ау", – деп наразылығын білдірді әншінің жанкүйерлері.

Сондай-ақ желі қолданушылары концерттердің кейінге шегерілгенін тым кеш хабарланғанына наразылық білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2065389-alemdik-pop-zuldyz-inna-zer-silkinisine-bailanysty-almaty-men-astanadagy-koncertterin-keiinge-segerdi/

pixel