Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Табақтай қылмай түсіріңдер": әнші Мақпал Жүнісова концертінде көпшілікті күлкіге қарқ қылды (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Бірнеше күн бұрын Халық әртісі Мақпал Жүнісова Алматыда жеке кешін өткізді. Әнші кеш барысында әзілдеп, операторлардан өзін видеоға дұрыстап түсіруін сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ән кешінің видеосын Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Теледидарға табақтай қылмай, дұрыстап түсіріңдер. Базарға жиі барам. Сол жерде "Қандай әдемі келіншексіз? Теледидардан қарасақ, жардай боп, семіріп тұрасыз" дейді. Баяғыда Зәкең де "Менің әйелім "нормальный" сияқты еді. Теледидардан көрсем, танымай қаламын" деп айтатын.

Сондықтан құрметті, концертті түсіріп тұрған жігіттер! Мені бір сағатқа болса да, өз әйеліңіздей жақсы көріп, әдемілеп түсірулеріңізді өтінемін", - деді Мақпал Жүнісова.

Ал кешке келген тыңдармандары әншінің әр әзіліне ішек-сілесі қата күлді.

Желі қолданушылары да әншінің жарасымды әзіліне риза болып, жарыса пікір жазды.

"Концерт керемет өтті", "Өмірде әдемісіз", "Расымен дұрыс түсірмейді екен", "Керемет әзілдейсіз", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2065917-tabaqtai-qylmai-tusirinder-ansi-maqpal-zunisova-koncertinde-kopsilikti-kulkige-qaryq-qyldy-video/

pixel