Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дана ене келінін жамандамайды": Аша Матай енесімен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты

Опубликовано:

Аша Матай сұхбат барысында
Аша Матай сұхбат барысында: Youtube/NTK ENTERTAINMENT

Қазақстандық танымал тележүргізуші Аша Матай отбасылық өмірі жайлы сөз қозғап, ата-енесімен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты. Өнер иесі бүгінде күйеуінің ата-анасымен бір шаңырақ астында тұратынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай енесі қандай адам екенін айтып, оның бойындағы асыл қасиеттерді атады. Әнші жолдасының анасымен жақсы қарым-қатынаста екенін жеткізді. Сөзінше, келін болып түскелі енесі өзіне мүлдем қаталдық танытпаған.

"Ата-енеммен бірге тұрамын. Бізде бәрі жақсы. Кейде Арман екеуміз оңаша болып, романтикалық кештер жасарда қаладағы пәтерімізге барамыз. Енеммен қарым-қатынасым шүкір жақсы. Ол кісі жұмыс істейді. Күйеуім сияқты ол кісі де саудада жүрген адам. Қыз-келіншектерге аяқ-киім сатады. Өте керемет жан, сабырлы, бәрін жаймен түсіндіріп айтады. Өте әдемі, өз жасына жақсы сақталған.

Келін болып түскелі маған қаталдық танытқан кезі болмаған. Бұл анамның беріп келген тәрбиесі болар. Мен бәрін біліп келдім. Тамақ әзірлеу, үйдегі гармонияны қалай сақтап тұру керектігін білдім. Оған қоса ол кісінің даналығын айта кету керек. Ене дана болса, келін де жақсы болады ғой. Ене дана болса, келінін жаман деп атамайды. Келіннің миы болса, енесімен тіл табысады", - деді Аша Матай "Taboo" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2065956-dana-ene-kelinin-zamandamaidy-asa-matai-enesimen-qandai-qarym-qatynasta-ekenin-asyp-aitty/

pixel