"Екі жыл бойы салдым": әнші Айқын көпшілікке зәулім үйін көрсетті (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген қалың көпшілікке екі қабатты жаңа үйін көрсетті. Жұлдызды жанұя екі жыл бойы салынған жаңа баспанасына жақында ғана көшіп барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айқын Төлепберген зәулім үйін алғаш рет Бейбіт Әлібековтың "По домам" бағдарламасында көрсетті. Өнер иесі бұл баспанасының құрылысына қаржыны аямай салғанын айтты. Әнші тапқан табысының бәрін үйіне құйып отырып, соңында құрылыс жұмыстарына нақты қанша қаражат жұмсағанын санай алмай қалған.
Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали Алматыда екі қабатты үй тұрғызған. Жаңа баспананың ауданы 340 шаршы метрді құрайды. Үйде отбасы мүшелерінің барлығының жеке бөлмесі бар. Сонымен қатар қонақтарға арналған бөлмелер де қарастырылған.
Оған қоса ерлі-зайыпты шығармашылықпен айналысатын бөлмелерін көрсетті. Айқын бос уақытын үйінің ішіндегі студияда өткізсе, келіншегі өз бөлмесінде киім тігумен айналысады екен.
Сондай-ақ үйдің ауласында көліктерге арналған тұрақ пен монша бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066013-eki-zyl-boiy-saldym-ansi-aiqyn-kopsilikke-zaulim-uiin-korsetti-video/