Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жыл бойы салдым": әнші Айқын көпшілікке зәулім үйін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген үйін көрсетуде
Айқын Төлепберген үйін көрсетуде. Видеодан кадр: Youtube/Alibekovkz

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген қалың көпшілікке екі қабатты жаңа үйін көрсетті. Жұлдызды жанұя екі жыл бойы салынған жаңа баспанасына жақында ғана көшіп барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген зәулім үйін алғаш рет Бейбіт Әлібековтың "По домам" бағдарламасында көрсетті. Өнер иесі бұл баспанасының құрылысына қаржыны аямай салғанын айтты. Әнші тапқан табысының бәрін үйіне құйып отырып, соңында құрылыс жұмыстарына нақты қанша қаражат жұмсағанын санай алмай қалған.

Айқын Төлепбергеннің үйі
Айқын Төлепбергеннің үйі. Видеодан кадр: Youtube/Alibekovkz

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали Алматыда екі қабатты үй тұрғызған. Жаңа баспананың ауданы 340 шаршы метрді құрайды. Үйде отбасы мүшелерінің барлығының жеке бөлмесі бар. Сонымен қатар қонақтарға арналған бөлмелер де қарастырылған.

Айқын Төлепбергеннің үйі
Айқын Төлепбергеннің үйі. Видеодан кадр: Youtube/Alibekovkz

Оған қоса ерлі-зайыпты шығармашылықпен айналысатын бөлмелерін көрсетті. Айқын бос уақытын үйінің ішіндегі студияда өткізсе, келіншегі өз бөлмесінде киім тігумен айналысады екен.

Сондай-ақ үйдің ауласында көліктерге арналған тұрақ пен монша бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066013-eki-zyl-boiy-saldym-ansi-aiqyn-kopsilikke-zaulim-uiin-korsetti-video/

pixel