Опера әншісі Зарина Алтынбаева Тоқаевтан гүл шоғын алды (фото)
Жарияланған күні:
Опера әншісі, бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты Зарина Алтынбаева өзін Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдер мерекесімен құттықтағанын айтты. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында президент берген гүл шоғы мен марапатын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Көп рақмет, сізге", - деді опера әншісі президенттің әлеуметтік желідегі парақшасын белгілеп.
Құттықтау қағазына Қасым-Жомарт Тоқаев тілек жазып, қолын қойған.
"Құрметті, Зарина Әнуарқызы! 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Көктемнің шуақты да, тамаша мерекесі сізге жарқын көңіл-күй мен шаттық сыйласын. Әрдайым өмірдің жақсылығына кенеліп, өз ортаңыздың сый-құрметіне бөлене беріңіз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тілеймін", - деп жазылған құттықтау қағазында.
Желі қолданушылары әншінің марапатына құтты болсын айтып, жарыса пікір қалдырды.
"Құтты болсын", "Сіз бұған лайықсыз", "Керемет әншісіз" деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066046-opera-ansisi-zarina-altynbaeva-toqaevtan-gul-sogyn-aldy-foto/