Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйықтап жатқан кезде қайтыс болды": Роза Рымбаева күйеуі өмірден өткен сәтті еске алды

Опубликовано:

Роза Рымбаева сұхбат беруде
Роза Рымбаева сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Dinara Satzhan

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева күйеуі Тасқын Оқаповтың қайтыс болған күнін еске алып, жан сырын ақтарды. Эстрада жұлдызы екінші перзентіне аяғы ауыр кезде жесір қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Рымбаева өміріндегі аса ауыр кезең жайлы Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты. Өнер иесінің сөзінше, жолдасы ұйықтап жатқан кезде инфаркт алып, қайтыс болған.

Рымбаева Тасқын Оқаповтың оған дейін де денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты. Алайда белгілі музыкант оған мән бермей, дәрігерлерге қаралмай жүре берген.

"Әлиді 33 жасымда босандым. 9 жылдан кейін Мәди өмірге келді. Жүктілігімнің 6 айында күйеуім өмірден өтті. Жолдасым ұйықтап жатқанда қайтыс болды. Мен оянған кезде денесі суық болып жатты. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Бірақ оның денсаулығы сыр беріп жүрген. Бірнеше рет микроинсульт алған. Оған аса мән бермеді, дәрігерлерге де қаралмады. Нәтижесінде соңы инфарктпен аяқталды.

Түнде ұйықтап жатқан кезде инфаркт алды. Бұл күнді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен үшін бұл орны толмас қаза. Оның үстіне ол кезде аяғым ауыр еді. Бірнеше рет түсік қаупімен ауруханаға жатып шықтым. Сол қиын кезде Әлиімді, ішімдегі баламды ойладым. Босанып, ұлымды өмірге әкелу үшін бар күш-жігерімді салдым. Сол күннен бері мен өнер үшін емес, екі балам үшін өмір сүріп келемін", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066082-uiyqtap-zatqan-kezde-qaitys-boldy-roza-rymbaeva-kuieui-omirden-otken-satti-eske-aldy/

pixel