Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуіңіз - жұлдыз": Нұрболат Абдуллиннің әйелі өзін сынаған оқырманына жауап берді (фото)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин жұбайымен
Нұрболат Абдуллин жұбайымен. Фото: instagram.com/faridush_zh

Әнші Нұрболат Абдуллиннің жұбайына әлеуметтік желіде белгісіз біреу реніш білдірген. Гүлфарида Instagram-дағы парақшасында оқырманына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысы әншінің жұбайына "Сізде мәселе жоқ, рақат қой. Күйеуіңіз - жұлдыз. Ақша бар. Қыдырасыз. Оқырмандарыңды бір құттықтамадың. Жауап та жазбайды екенсіз. Сізді қарапайым деп ойладым", - деп жазған.

Ал Гүлфарида өзінің де мерекені сезіне алмағанын айтты.

"Қандай жағдайда болсам да, Аллаға шүкір деймін! Ал сізге мендегі мәселенің бір бөлігін де бермесін. Менен неге құттықтау күттіңіз екен? Әлде тіл тигізуге сылтау ма? Мен мерекені расында сезінбедім. Жолдасыңыз, балаңыз құттықтаса, болды емес пе? Бұл ақталу емес", - деп жауап берді Нұрболат Абдуллиннің жұбайы.

Естеріңізге сала кетейік, әнші Нұрболат Абдуллиннің үшінші қызы дүниеге келді. Әнші мен жұбайы Гүлфарида бүгінгі таңда Шахназ және Табиғат, Минуар есімді қыздарды тәрбиелеп отыр.

Сонымен қатар Нұрболат Абдуллиннің жары әншімен қалай танысқанын алғаш рет айтып берді. Гүлфарида Жұбаева өнер иесімен оқу орнында танысқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066094-kuieuiniz-zuldyz-nurbolat-abdullinnin-aieli-ozin-synagan-oqyrmanyna-zauap-berdi-foto/

pixel