"Нағима да, Мақпал да жалғыз": Роза Рымбаева неге екінші рет тұрмысқа шықпағанын айтты
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева Динара Сәтжанға берген сұхбатында неге екінші рет тұрмысқа шықпағанын ашып айтты. 43 жасында екі баламен жесір қалған өнер иесі жеке өмірін шетке ысырып тастағанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Роза Рымбаева күйеуі Тасқын Оқапов қайтыс болғаннан кейін не себепті жеке өміріне көңіл бөлмегенін айтты.
"Емізулі бала мен бірінші сынып оқитын ұлым тұрғанда ол кезде нені ойлайым керек еді? Әрине өзімді емес. Бар ойым балаларымда болды. Олардың мектебі, балабақшасы бар. Оларды өмірге қажетті заттармен қамтамасыз етуге тырыстым. Елдан қалыспай өссін деп барымды салдым. Сол себепті өзімді, жеке өмірімді ойлайтын уақыт та болмады", - деді әнші.
Өнер иесі өзіне көңіл білдіргісі келген ер азаматтардың болғанын жасырмады.
"Мен Роза Рымбаева болғандықтан көптеген ер адам маған қарай қадам жасай алмады. Менің танымалдылығым кедергі болды десем де болады. Барлығы мені алдымен әртіс, жұлдыз әрі қатал адам ретінде қабылдайды. Бәрі салыстырғанда белгілі болады ғой. Мысалы маған көңіл білдірмек болған ер адамның бірінші сөздерінен-ақ оны күйеуіммен салыстырып отырдым", - деді эстрада жұлдызы.
Роза Рымбаева екінші рет тұрмысқа шығуға ниетті екенін кесіп айтты. Сөзінше, ол қайтадан отбасын құратын жастан өтіп кетті.
"Енді тұрмысқа шықпаймын. Мен ол жастан өтіп кеттім. Ер адамдарға деген қызығушылығым сөніп қалды. Нағима да, Мақпал да жалғыз. Мақпалдың жағдайы түсінікті, ал Нағима ажырасуды өзі ұсынды", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066190-nagima-da-maqpal-da-zalgyz-roza-rymbaeva-nege-ekinsi-ret-turmysqa-syqpaganyn-aitty/