Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Депутат болуды ұсынған": Роза Рымбаева мемлекеттік қызметке кету туралы ойын айтты

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Скрин: YouTube/ Dinara Satzhan

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге қатысты ойын айтты. Өнер иесінің сөзінше, бұған дейін оған депутат болуға ұсыныстар түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Рымбаева сахнамен қош айтысуға әбден дайын екенін және одан еш қорықпайтынын алға тартты. Халық әртісі өнер саласынан кететін болса немен айналысатынын айтты.

Алайда эстрада жұлдызы лауазымды орындарда отырғысы келмейтінін бірден кесіп айтты. Рымбаева тіпті депутат болудан бас тартқан болып шықты.

"Сұраныс түсіп кетеді деп ешқашан ойламағанмын. Мен ары қарай өнер көрсетуді өзім қаламауым мүмкін. Қазір жасым 70-те, ол жағын ойланып жұрмін. Ары қарай шапқылап, концерт берген дұрыс па?! Мүмкін бала-шағаммен, үйде немерелерімді бағып отыратын уақыт келген шығар. Мен сахнасыз өмір сүре аламын. Оған сенімдімін. Ұстаз бола аламын, бір ұжымды басқара аламын.

Үйде бала бағып, бар уақытымды немерелеріме арнауға да дайынмын. Менің ішім пыспайды. Қаламызда қандай шаралар болып жатқанын біліп отырамын. Театр директоры бола алмаймын. Депутат болуға да келіспейтін едім. Депутат болуды ұсынған. Бірақ бұл менің ісім емес. Мен сабақ бере аламын. Тек ұстаздық етуге келісер едім. Ректор болуды да қаламаймын. Өз тәжірибем мен білімімді келер ұрпаққа беріп кеткім келеді. 70 жасыма дейін ән шырқаймын. Одан кейін ақырындап доғаратын шығармын", - деді өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066718-deputat-boludy-usyngan-roza-rymbaeva-memlkettik-qyzmetke-ketu-turaly-oiyn-aitty/

pixel