Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түгел жиналуға тырысамыз": Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі Қайрат Нұртаспен отбасылық сурет жариялады (фото)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/kair_n

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ауызашарға жиналған отбасын көрсетті. Суретте тележүргізушінің ата-анасы мен балалары және жолдасы Қайрат Нұртасты көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ораза отбасымызда 30 күн бойы тойланады. Дастарқан басына төрт көзіміз түгел жиналуға тырысамыз", – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісіндегі парақшасында.

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Скриншот: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Сонымен қатар Әбдікәрімова көпшілікті қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

"Айлардың сұлтаны Рамазан келді. Төзім мен сабырға, ораза мен намаздан жаңылмауға, құлақ, көз, ауыз, жүректі иманға байлауға, ақыретке кепіл болуға Жаратқан нәсіп етсін. Ниетті жан, оразаңыз қабыл болсын", – деп жазды актриса.

Ал желі қолданушылары актрисаның жазбасына пікір білдіріп, жылы лебізін арнады.

"Ниетіңіз қабыл болсын", "Алла тілегіңді қабыл етсін", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртас әйелі Жұлдызбен бірге екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2066919-tugel-zinaluga-tyrysamyz-zuldyz-abdikarimova-kuieui-qairat-nurtaspen-otbasylyq-suret-zariyalady-foto/

pixel