Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасы мен қызы": Мадина Сәдуақасова блогер арумен түскен ерекше фотосессиясын жариялады

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова мен Анель Кенжебекова
Мадина Сәдуақасова мен Анель Кенжебекова: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова жастар арасында аса танымал блогер Анель Кенжебековамен ерекше фотосессия жасап, ел назарын өзіне аударды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Мадина Сәдуақасова заманауи стильдегі фотосессиясын Instagram парақшасында жария етті. Онда әнші мен блогер арудың бірдей образда тұрғанын көруге болады.

"Жас қыздармен бірлесе жұмыс істеуден қорықпаймын. Жалпы мен ешкімнен де, ештеңеден де қорықпаймын. Жаңашылдыққа әркез дайынмын", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызы мен блогердің сұлулығына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді. Кейбірі олардың өзара қатты ұқсайтынын жазды.

"Екі жұлдыз", "Аңыз адаммен сурет деп осыны айт", "Анасы мен қызы сияқты", "Сіздер қатты ұқсайды екенсіздер", "Керемет ерекше фотосессия", "Өте сұлусыздар. Нағыз сұлулықтың символы", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2067321-anasy-men-qyzy-madina-saduaqasova-bloger-arumen-tusken-erekse-fotosessiyasyn-zariyalady/

pixel