Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сахнаға шығып, Ернар Айдардың суын тартып алған бүлдіршін елді күлдірді (видео)

Опубликовано:

Ернар Айдар
Ернар Айдар. Фото: Instagram/ernaraidar_kz

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдардың концерті кезінде қызықты оқиға орын алды. Әнші өнер көрсетіп жатқан кезде сахнаға кішкентай тыңдарманы шығып, оның ішіп тұрған суын тартып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдар концерті кезінде болған қызықты оқиғаның видеосын Instagram парақшасында жариялады.

Бейнежазбадан әншінің сахнада балалармен бірге өнер көрсетіп жатқанын көруге болады. Бір сәтте бүлдіршіндердің бірі әртістің артында су ішіп жатқанын көріп, оның бөтелкесін тартып алады.

Ернар Айдардың суын ішіп алған кішкентай қыз концертке жиналған қауымның көңілін одан бетер көтерді. Әртістің өнерін тамашалуға келген көпшілік бүлдіршіннің әрекетінен кейін қатты күліп, оған қол шапалақтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2067378-saxnaga-sygyp-ernar-aidardyn-suyn-tartyp-algan-buldirsin-eldi-kuldirdi-video/

pixel