Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шамамен 10 млн теңге": Павлодарда Наурыз мерекесіне Қайрат Нұртас пен Роза Рымбаеваны шақыруға қанша жұмсалмақ

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас Павлодардағы Наурыз мерекесінде өнер көрсетеді. Жұлдыздардың гонорары үшін қалалық бюджеттен барлығы 10 млн теңгеге жуық қаражат бөлінгенін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева айтты, деп хабарлайды "Наша жизнь" ақпарат порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, мерекелік концерт 22 наурызда Орталық алаңда өтеді.

"Ақшаның негізгі бөлігі, әрине, біздің жұлдыздарға кетті. Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың қымбат екенін түсінеміз. Олардың жалпы гонорары шамамен 10 млн теңгені құрайды", - деді Светлана Гладышева мерекелік бағдарламаға қатысты қаланың жалпы шығыны туралы сұраққа жауап бергенде.

Павлодарлықтар Наурыз мерекесін 21-22 наурыз күндері тойлайды.

21 наурыз күні мереке сағат 11:00-13:00 аралығында, 14 шағынауданда мерекелік іс-шаралар өткізіліп, көрмелік киіз үйлер орнатылады:

  • Усольский шағынауданы;
  • Олжабай батыр шағынауданы;
  • Торайғыров университеті. Ломов, 64 үй;
  • Инновациялық Еуразия университеті;
  • Толстой көшесі, 82;
  • Орталық мәдениет және демалыс саябағы;
  • Ломов көшесі, 38. Жастар бастамаларын дамыту орталығы;
  • Гагарин саябағы;
  • Литвинов көшесіндегі саябақ;
  • Сұрағановкөшесі, 3;
  • Қамзин көшесі, 67/1;
  • Жаңаауыл шағынауданы;
  • Теміржолшылар шағынауданы;
  • Жайлау базары.

Сондай-ақ Павлодар қаласының барлық қала маңындағы ауылдарында мерекелік бағдарламалар өтеді.

22 наурызда қаланың орталық алаңында жаппай мерекелік шара сағат 11.00-де басталады. Мұнда үлкен сахна мен алты тақырыптық киіз үй орнатылады.

Кривенко, Қайырбаева және Астана көшелерінде жастарға арналған ұлттық ойындар мен ойын-сауық аймақтары ұйымдастырылады. Барлығы Ru Makeup және Kazakh Art бойынша мастер-классқа қатыса алады. Сондай-ақ садақ атуға, арқан тарту мен қазақша күреске, асық ойнауға болады.

Киіз үй қалашығының аумағында павлодарлықтар бүркітшілермен танысып, тазы иттерді тамашалайды, жауынгерлермен суретке түседі. Орталық жағалау маңында тегін атпен жүру ұйымдастырылған.

Ең жас қала тұрғындары үшін Астана көшесінде шөп лабиринті жасалады. Түйе мен түйенің баласы, құлындар, понилар, лақтар, қойлар мен қояндар бар шағын хайуанаттар бағы болады.

Сайт мәліметіне сүйенсек, мерекеге дайындыққа байланысты қала орталығындағы кейбір көшелер көлік қозғалысына жабылады. 20 наурыздан бастап, Кривенко-Сәтбаев–Қайырбаев көшелері көлік қозғалысы үшін жабылады. Ал 22 наурызда Естай, Лермонтов және Астана көшелерінің шекарасындағы аумақ жабылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2067423-10-mln-tenge-pavlodarda-nauryz-merekesine-qairat-nurtas-men-roza-rymbaevany-saqyru-usin-qansa-aqsa-zumsalmaq/

pixel