Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Армандайтын едім": Жарқынай Ханайым Димаш Құдайбергенге тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Жарқынай Ханайым. Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым желіде өзін Димаш Құдайбергенге қосқан оқырмандарына жауап берді. Өнер иесі болашақ күйеуінің қандай болғанын қалайтынын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары Жарқынай Ханымнан Димаш Құдайбергенге тұрмысқа шығуға қатысты ойын білмек болды. Олар қос әртістен өте жарасымды жұп шығатынын жарыса жазған.

Актриса бұл сауалға бірден жауап берді. Ол болашақта күйеуінің өнер адамы болғанын қаламайтынын айтты. Оған қоса, әнші өзі армандап жүрген азаматты сипаттап берді.

"Теңеуіңізге рахмет, әрине. Бірақ өнер адамын ешқашан таңдамас едім. Маған тұрақты, тек менікі болатын, кадр сыртында жүретін, камераны ұнатпайтын, балаларыммен әуре болып, өзінің кәсібімен миы ашып, ыржың-тыржыңға уақыты жоқ жігітті армандаушы едім", - деп жазды Жарқынай Ханайым Instagram парақшасында.

Жарқынай Ханайымның Srories-i
Жарқынай Ханайымның Srories-i. Скриншот: Instagram/jarkynaijarkinai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2067438-armandaityn-edim-zarqynai-xanaiym-dimas-qudaibergenge-turmysqa-syguga-qatysty-oiyn-aitty/

pixel