Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың батасымен көгердім": Димаш Құдайберген өзін Қытай арқылы танылды дегендерге жауап берді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген өз концертінде
Димаш Құдайберген өз концертінде. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен сырласып, өзін "Қытай арқылы танылды" деп сынап жатқандарға жауап берді. Өнер иесі "I am singer" байқауы танымалдылығын арттыра түскенін жоққа шығармады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген қытайлық ән байқауында жұлдызы жанғанымен оған дейін әртіс болып қалыптасуына Қазақстанда алған білімі мен қазақи ортаның тәрбиесі елеулі септігін тигізгегін алға тартты.

"Бір жаңалықты көзім шалып қалған. "Димаш Құдайберген Қытай арқылы бүкіл әлемге танылды" деп жазыпты. Рұқсат болса, осы тұста өз ойымды айтып жіберейін. Қытай елінде өткен "I аm singer" байқауы менің атымның күллі әлемге танылуына үлкен септігін тигізді. Бірақ дегенмен сол байқауға дейін мен Қазақстанда білім алдым. Қазақстанда оқыдым, қазақтардың арасында тәрбиеленіп өстім. Қазақтың балын, нанын жеп, суын ішіп, қазақтың батасымен көгеріп өстім. Ата-анамның қолдауымен, өз бауырларымның ықылас-ниетімен, көмегімен осындай үлкен додаларда бақ сынасатындай деңгейге дейін тәрбиеленіп өстім", - деп пікір білдірді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2067507-qazaqtyn-batasymen-kogerdim-dimas-qudaibergen-ozin-qytai-arqyly-tanyldy-degenderge-zauap-berdi/

pixel