Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімге керексіз сезіндім": декреттен кейін жұмысқа шыққан Зарина Кәрмен жан сырын ақтарды (видео)

Опубликовано:

Зарина Кәрмен
Зарина Кәрмен. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

Актриса Зарина Кәрмен екінші қызын босанғаннан кейін үш жыл декреттік демалыста отырғанын айтты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екінші қызымды босанғанда, 3 жыл декреттік демалыста отырдым. Карантин болды. Аналық сезімім күшейді ме, "Баламен үйде отыруым керек, кішкене қатайсын" деп ойладым. Үш жылдан кейін театрға жұмысқа шықтым.

Мені көптеген қыз-келіншек түсінеді. 3 жыл декреттік демалыстан кейін өзімді ешкімге керексіз сезіндім. Көштен қалып қойғандай, кәсіби тұрғыдан қарайып қалғандай сезімді бастан өткіздім. Театрда рөл берілмеді. Үйде жұртты жамандап отыра беруге болады. Бірақ оның ешкімге пайдасы жоқ. Өмір берілді, мүмкіндік берілді. Барынша өзіңді қолға алып, әрекет жаса. Содан не керек, магистратураға түстім. Биыл бітіремін", - дейді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2067702-eskimge-kereksiz-sezindim-zarina-karmen-dekrettik-demalystan-keiin-zumysqa-syqqan-satin-eske-aldy-video/

pixel