Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем – мәжіліс депутаты": әнші Dequine алғаш рет әкесі туралы айтты

Опубликовано:

Данеля Садықова
Данеля Садықова. Фото: Youtube/kana beisekeyev

Жастар арасында кеңінен танымал әнші Dequine отбасы жайлы сыр шертіп, алғаш рет әкесі туралы айтып берді. Өнер иесі мәжіліс депутаты Асқар Садықовтың қызы екенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Данеля Садықова не себепті ұзақ уақыт бойы көпшіліктен әкесін жасырып, ол жайлы айтқысы келмегенін түсіндірді. Бүгінде үлкен белестерді бағындырып жатқан әнші көпшілік оны тек "депутаттың қызы" деп қабылдап, еңбегін жоққа шығарады деп қорыққан.

"Әкемнің аты – Асқар. Бастапқыда әкем жайлы ешкімге тіс жармауға, оны барынша жасыруға тырыстым. Өз әкемнен ұялатынмын. Оның қайда жұмыс істейтінін айтуға, оны әлеуметтік желіде көрсетуге қорқатынмын. Шынымды айтсам ұялдым. Оның жұмысы жайлы мүлдем айтқым келмейтін. Өткен жылы отбасым Астанаға көшіп барды. Қазіргі уақытта әкем мәжіліс депутаты болып жұмыс істейді. Мен бұл ақпаратты көпке жария етуге қорықтым. Бізде саясатпен қандай да бір байланысы бар адамдар туралы көзқарас әр түрлі.

16 жасымнан бері желіні белсенді жүргізіп, өз жолымды өзім салып келе жатқан адаммын. Сол себепті мен бұл жайында айтуға қорықтым. Бір күні біреу айтып қояды ма деп уайымға салынып жүрдім. Кейін "неге мен әкемнен ұялу керекпін" деп ойладым. Менің әкем - адал адам. Ол кісі жақсы нәрселер туралы айтады. Әкем жайлы біреулер айтқанша өзім айтамын деп шештім. Кейбір жандар "Вечерний Ургант" бағдарламасына мені әкем ақша төлеп шығарды деп қауесеттер таратты. Шынына келгенде оның бәрі өзімнің таза еңбегім. Менің үлкен командам бар. Біз үлкен жұмыс атқарамыз", – деді Dequine "Zamandas" подкастына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068095-akem-mazilis-deputaty-ansi-dequine-algas-ret-akesi-turaly-aitty/

pixel