"Ата-анам ажырасып, қайта қосылды": әнші Dequine отбасындағы қиындықтарды айтты
Жарияланған күні:
Қалың көпшілікке Dequine лақап атымен танылған әнші Данеля Садықова отбасы жайлы жан сырын ақтарып, басынан өткен ауыр кезеңді еске алды. Жас өнерпаздың сөзінше, ата-анасы ажырасып, кейін қайта қосылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Данеля Садықова ата-анасының қарым-қатынасы жайлы бар шындықты "Замандас" подкастында айтты. Әнші ару олардың ажырасайын деп жатқанын Мәскеуде жүргенде естіген. Бұл жаңалық оған аса қатты тиген. Сөзінше, ол күйзеліске ұшырап, ұзақ уақыт бойы өзіне келе алмаған.
"Ол кезде Мәскеуде болғанмын. Қазақстанға отбасыма барып тұратынмын. Сіңлілерім көп хабарласа бастады. Жұмыспен қолым тимей, оларға жауап бере алмадым. Бір уақытта анам өзі хабарласып, "Әсел сіңліңмен сөйлесші, соңғы кезде тым эмоционалды болып жүр" деді. Әсел бізде мүлдем ондай болмайтын. Оған тән нәрсе емес еді. Әселге хабарласқанымда ол ата-анамыздың ажырасайын деп жатқанын айтып қойды. Олар осы уақыт бойы басқа жерде тұрып жатқанын айтты.
Маған ешкім ештеңе айтпады. Барынша жасыруға тырысты. Бір ай бойы айтпай жүрген. Бұл жаңалықты 20 жастан асқан шағымда естігеніме қуандым. Бұл кезеңді оңай еңсеремін деп ойладым. Бірақ олай болмады. Мен басқа елде жүргендіктен маған айтқылары келмеген. Бірақ бұл мені шеттетіп тастағандай көрінді. Бұл кезең мен үшін ауыр болды. Мен бір елден екінші елге ұшып қонып жүрсем де қайтып келетін тұрақты үйім, ата-анам, отбасым бар деп ойлап келдім. Бұл жағдай маған да, менің сіңлілеріме де ауыр тиді. Бірақ ата-анамыз бұл кезеңнен өту керек болды. Олар бәрін түсініп, қайта қосылды. Қазір олар бірге", - деді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068140-ata-anam-azyrasyp-qaita-qosyldy-ansi-dequine-otbasyndagy-qiyndyqtardy-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.