Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі артта қалды": Медеу Арынбаев сахнаға шыға алмай қалған кезі жайлы айтты

Опубликовано:

Медеу Арынбаев
Медеу Арынбаев. Видеодан кадр: "Менің өмірім" бағдарламасы

Әнші Медеу Арынбаев бес жыл бұрын басына ота жасатты. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында біраз уақыт сахнаға шыға алмағанын және былтыр жеке кешін өткізгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Биыл бес жыл болды. Денсаулығымның ақауына байланысты, шеттетіліп қалдым. Сахнада ес жоғалттым. Сескеніп, қаймығып қалдым. 2019 жылы ота жасаттым. Содан кейін былтыр 3 сағаттық концерт беріп, ақталғандай болдым. Оның бәрі артта қалды", – деді Медеу Арынбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Медеу Арынбаев осыған дейін талма ауруына ұшырағанын мәлім етті. Өнер иесінің айтуынша, ол осы дертінің әсерімен төрт рет жол апатына да ұшыраған.

Еске сала кетейік, осыған дейін әнші келін түсіріп, құда болуға дайын екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068239-bari-artta-qaldy-medeu-arynbaev-bir-kezderi-saxnadan-settetilgenin-aitty/

pixel