jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Сағынғанда қиналамын": Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуімен арақатынасы қандай екенін айтты

    Жарқынай Ханайым
    Жарқынай Ханайым. Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

    Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым бүгінде бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбекпен қарым-қатынасы қандай екенін ашып айтты. Сөзінше, жұлдызды әке қызының өміріне белсенді араласады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жарқынай Ханайым қазіргі уақытта қызы үш ай бойы әкесінің қасында жүргенін айтты. Актриса жұмысына байланысты бала қарауға уақыты болмай жатқанын жасырмады. Осындай кезде өнер иесіне бұрынғы жолдасы көмекке келеді екен.

    Алайда қос әртіс біргекөп уақыт өткізбейді екен. Әншінің сөзінше, Айдар Асқарбек қызымен жеке кездеседі.

    "Қазір жұмыс бабымен Алматыда жүрмін. Мен жұмыста жүргенде қызымды әкесі қарайды. Айдар Асқарбек маған көмектеседі, бала қарасады. Айлана үш ай бойы әкесінің қасында жүр. Мен қолым босағанда ғана алып тұрамын. Әкесінің қызы болып кетті. Мен Астанада болғаннан кейін олар көп көрісе алмады. Қазір екеуміз баланы кезек-кезек қарап жатырмыз. Бастапқыда қызым әкесін іздеп жылайтын. Сондай кезде видеомен хабарласатынбыз. Ол әкесін сағынғанда қиналамын. Айдар екеуміз қызымыздың болашағы, дамуы, денсаулығына қатысты бірқатар мәселелерді бірге талқылап шешеміз. Бірақ бірге көп уақыт өткізбейміз. Айдар қызымен жеке көріседі", - деді Жарқынай Ханайым "Revue News" бағдарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.