Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шай орамалын сақтап қойдым": Тоқтар Серіков өмірден өткен анасы жайлы сыр шертті

Опубликовано:

Тоқтар Серіков марқұм анасымен
Тоқтар Серіков марқұм анасымен. Фото: instagram/toktar.serikov

Әнші Тоқтар Серіковтің анасы 2021 жылы өмірден өтті. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында анасының шай орамалын жумай, сақтап қойғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желіге тараған суретті ол кісі дүниеден өтерінен 3 күн бұрын түскенбіз. Өзім де әкемін. Бірақ анама қатты еркелейтін едім. Қолымды омырауына салып жіберіп, ұстап жататынмын. Иіскеймін, еркелетемін.

Бұл ісіме Бейбіт пен ұлдарым ішек-сілесі қатып күлетін. Мәңгілік сағыныш қой. Балаларым әкесі мен анасын мен сияқты сүйсе, Бейбіт сияқты құрметтесе болды. Үйде анам мен әкемнің соңғы киген киімдері тұр. Жуғызбаймын. Әкемнен қалған бөрік пен шешемнің шай орамалын үйіме сақтап қойдым. Иіскеп, сағынышымды басамын. Түсімде көргім келеді. Өзімнің бала-шағам болса да, соларды сағынып тұрамын", - деді Тоқтар Серіков.

Еске сала кетейік, Тоқтар Серіковтің анасы 2021 жылы өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068368-sai-oramalyn-saqtap-qoidym-toqtar-serikov-omirden-otken-anasy-zaily-syr-sertti/

pixel