Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Араласпа, өзім қатырамын": Келініне сәресін дайындаған Нұртас Айдарбековке ел тәнті болды

Опубликовано:

Нұртас Айдарбеков тамақ жасап жатыр
Нұртас Айдарбеков тамақ жасап жатыр. Видеодан кадр: Instagram/indi_maulenova

Желіде Нұртас Айдарбековтың келінімен түскен ерекше видеосы тарап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Жұлдызды қайын ата келінінің қамын ойлап, оған сәресін өзі дайындап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұртас Айдарбековтың ас дайындап жатқан видеосын кіші келіні Индира Мәуленова өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Онда қайын атасының оған араласпауын сұрап, сәресін өзі дайындап беретінін айтып жатқанын көруге болады.

"Қызым араласпа, өзім әдемі қыламын. Бүгін сендерге сәресін өзім жасап беремін. Қазір әкең не істеп қоятынын көресің. Бүгін араласпа, өзім қатырамын, күшті істеп қоямын", - деді Нұртас Айдарбеков.

Заңғар Нұртастың келіншегі бұл көріністі көріп, қайын атасының асқан қамқорлығына тәнті болған.

"Сауап жинап жатырсыз. Кімде бар осындай қайын ата? Күшті иіс шығып жатыр. Папа тамақ жасап жатыр екен", - деді ол.

Желі қолданушылары Нұртас Айдарбековке риза болып, оған жылы лебізін білдірді.

"Жарайсыз, қайын ата деген осындай болу керек", "Қандай керемет көрініс", "Аға сізді қатты сыйлап кеттім", "Келіні таңғалып қалды ғой. Дұрыс ағасы осылай арасында үйдегілерді қуантып тұрыңыз", "Үлкен сауап жинап жатырсыз", "Не деген сыйластық, қамқорлық", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068656-aralaspa-ozim-qatyram-kelinine-saresin-daiyndagan-nurtas-aidarbekovke-el-tanti-boldy/

pixel