jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Шыдамның да шегі бар": тележүргізуші Анна Данченко бұрынғы жігітін сотқа беретінін айтты (фото)

    Анна Данченко
    Анна Данченко. Фото: instagram.com/ann_2905

    Тележүргізуші Анна Данченко бұрынғы жігітінен қарыз ақшасын ала алмай жүргенін айтты. Ол енді соттың көмегіне жүгінетінін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Анна Данченко осыған дейін қарызын бірнеше рет қайтаруды сұрағанын Instagram желісіндегі парақшасында баяндап берді.

    "Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын кездескен жігітім ағасының емі үшін қарызға ақша сұраған. "Екі аптадан кейін қайтарамын" деді. Ол кезде бірге едік. Арада екі жыл өтті.

    Жақында анамның еміне қажет деп, ол ақшаны қайтаруын сұрадым. Менің анамның денсаулығына бас қатырмайды екен. Әкемді жерлейтін кезде де, өз ақшамды сұрағанмын. Қайтармады. Енді сұрасам, мені қорқыта бастады. Ер адамның маған қарыз болуы және мені қорқытуы қалыпты жағдай ма? Нағыз ер-азамат солай істейді ме? Иә, мен – әйелмін, табиғатымнан әлсізбін. Бірақ мені қорлауына жол бермеймін. Маған мықты заңгер, қорғаушы керек. Сотта кездесеміз дедім. Күлді. Маған қазір анамның денсаулығы маңызды. Сол үшін соңына дейін барамын. Ол ақшаны адал еңбегіммен тапқанмын. Ешқашан, ешкімге қарыз бермеңіздер", – деп жазды тележүргізуші.

    Анна Данченко сторис
    Анна Данченко сторис. Скриншот: instagram.com/ann_2905

    "Шыдамның да шегі бар": тележүргізуші Анна Данченко бұрынғы жігітін сотқа беретінін айтты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.