"Жүрегім елжіреп кетті": Әли Оқапов ұлының тұсаукесерінде көңілі босап кеткенін айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Әли Оқапов жақында ұлының бір жасын дүркіретіп атап өтті. Өнер иесі перзентінің алғашқы қуанышында ерекше сезімде болып, той барысында тіпті көңілі босап кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әли Оқапов ұлы Зейіннің бір жас тойы қалай өткені мен бұл туған күннен өзінің алған әсерін Тимур Балымбетовке берген сұхбаты кезінде айтып берді.
Әнші перзентінің алғашқы қуанышы кезінде көңілі босап кеткенін жасырмады. Ол бұл сәттің қайтып келмейтінін ойлап, жүрегі елжіреп кеткенін айтты.
"Той бойы Әлидің көңілі босап жүрді. Жүрегі елжіреп, мен ондайды күткен жоқпын", - деді Оқаповтың келіншегі Ақерке Бүркітбай.
"Мұз да ериді. Баламның тұсауын кескенде де, онымен билегенде де көңілім босады. Той қалай өтетінін мың рет елестетесің ғой. Той кезінде осы сәт ешқашан қайталанбайды деген ой келді. Сол кезде менде бір қимастық сезім пайда болды. Мына сәт өтіп кетті. Келесі не болады? Ол да тез өтіп кетеді ғой деп ойладым. Сол тұрғыда өзімді сондай күйге ұшыратып қойғаным бар. Адам болдық, жүрек пайда болды", - деді Оқапов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068671-zuregim-elzirep-ketti-ali-oqapov-ulynyn-tusaukeserinde-konili-bosap-ketkenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.