Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Артур Давлетьяров әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (видео)

Опубликовано:

Артур Давлетьяров отбасымен
Артур Давлетьяров отбасымен. Скриншот: instagram.com/sadvakasovamadina

Әнші Артур Давлетьяровтың бірнеше күн бұрын екінші қызы өмірге келді. Өнер иесі келіншегі мен қызын перзентханадан шығарып алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында естелік видео жариялады.

Видеодан әншінің келіншегін қалай жеке перзентханадан шығарып алғанын байқауға болады. Артурдың қуанышына өнердегі әріптестері де ортақтасып, оның әйелін перзентханадан шығарып алуға жиналған.

Видеодан жаңа туған сәбиді қолына ұстаған әнші мен құшағы гүлге толған әйелін көруге болады.

Сонымен қатар әнші қызына қандай есім қойғанын айтты.

"Қош келдің, Аиша", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Артур Давлетьяровқа жүрекжарды тілегін жарыса жазды.

"Бауы берік болсын", "Құттықтаймыз", "Керемет отбасы", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068758-artur-davletyarov-aieli-men-qyzyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-video/

pixel