Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"21 күн босқа азап көріп жүрдім бе": тобығы жарылған Роза Әлқожа сынықшының көмегіне жүгінді

Опубликовано:

Роза Әлқожа ауруханада
Роза Әлқожа ауруханада. Видеодан кадр: Instagram/roza_alqozha

Әнші Роза Әлқожа осыдан үш апта бұрын тобығын жарып алғанын айтқан болатын. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында әлі күнге аяғы жазылмағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Соңғы кезде шауып, шапқылап жүрудің қадірін әбден түсіндім-ау. Үш жеті бойы көтерсем де, төмен түсірсем де, қақсаған аяғым гипстың ішінде әбден қиналыпты. Алдыңғы күні травматолог дәрігерге барып, "20 күн болды ғой. Шешіп көрейік"дедім. "Тобық теп-тегіс боп, ісіп, көгеріп тұр ғой. Түк өзгеріс жоқ. Кальций іштіңіз де өзі?" дейді.

Көңіл-күйім түсіп кетті. Тағы 40 күнге жаңа гипс салып берді. Ештеңеге зауқым болмай, үйде жаттым. Снимокты бір сынықшыға жіберсек, "Қызыл асық орнынан тайып кеткен. Соңғы екі башпайдың шыбығы айналып кеткен" дейді. Сонда 21 күн босқа азап көріп жүрдім бе? Сол кісіге бардым. О, құдірет! Екі рет шаңқ ете қалғаным болмаса, жаным жай тапты ғой", – деп жазды Роза Әлқожа.

Еске сала кетейік, әнші ақпан айында аяғын қайырып, тобығын жарып алғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2068833-21-kun-bosqa-azap-korip-zurdim-be-tobygy-zarylgan-roza-alqoza-synyqsynyn-komegine-zugindi/

pixel