Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұптарың жазылмасын": Жеңіс Ысқақова көпшілікке күйеуін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Жеңіс Ысқақова отбасымен
Жеңіс Ысқақова отбасымен. Фото: instagram.com/zhenisiskakova

Әнші Жеңіс Ысқақова көпшілікке отбасы мен күйеуін көп көрсете бермейді. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында күйеуімен видео жариялап, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Рақым айы – Рамазан құтты болсын. Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілегіміз, құлшылық-ғибадатымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болсын. Алла отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп етсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болсын", – деп жазды Жеңіс Ысқақова.

Ал желі қолданушыларының назары әнші көп көрсетпейтін күйеуіне түсті.

"Жолдасы да өнер адамы ма?", "Сізге керемет сүйсініп қарап тұр ғой", "Күйеуіңіз бе", "Керемет отбасы", "Әдемі жұп", "Жұптарың жазылмасын", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жеңіс Ысқақова күйеуін өзі АХАЖ бөліміне апарғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2069004-zuptaryn-zazylmasyn-zenis-ysqaqova-kopsilikke-kuieuin-korsetti-video/

pixel