Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Александр Ширвиндт өмірден өтті

Опубликовано:

Александр Ширвиндт
Александр Ширвиндт. Фото: satire.ru

Ресейдің халық әртісі, Сатира театрының бұрынғы көркемдік жетекшісі, танымал актер Александр Ширвиндт өмірден өтті. Өнер иесі 89 жасында ауруханада қайтыс болған, деп хабарлайды РБК басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Александр Ширвиндтің өлімі жайлы ақпаратты Сатира театрының қазіргі көркемдік жетекшісі Сергей Газаров растады.

"Ол бір сағат бұрын қайтыс болды", - деді Газаров.

Театрдың көркемдік жетекшісі басқа мәліметті жария еткен жоқ.

РИА Новостидің хабарлауынша, Александр Ширвиндт алғаш рет 1956 жылы Семен Деревянсский мен Рафаил Сусловичтің "Она вас любит" фильміне түскен.

Содан бері актер 60-тан астам киноға түсіп үлгерді. Олардың арасында "Приходите завтра…", "Ирония судьбы, или С легким паром!", "Небесные ласточки", "Трое в лодке" не считая собаки", "Самая обаятельная и привлекательная", "Забытая мелодия для флейты" фильмдері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2069313-akter-aleksandr-sirvindt-omirden-otti/

pixel