"Сен маған келін емессің": атышулы Айжан Байзақованың інісі үйленді (видео)
Жарияланған күні:
Танымал блогер Айжан Байзақованың інісі шаңырақ көтерді. Бұл туралы желі жұлдызы өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Отбасымызға қош келдің! Құттықтаймыз! Біз нәзік, әдемі, шынайы жақсы көретін және менің ініме адал сені қатты күттік. Сен маған келін емессің, менің сүйікті сіңілімсің. Мен үнемі сендердің тіректерің болып, қолдау көрсетемін. Осы үшін мен түнімен ұйықтамадым, бұл мен үшін туған күніме берілген ең күшті сыйлық", - деп жазды Айжан Байзақова.
Жұлдызды отбасының қуанышты жаңалығын естіген желі қолданушылары да ақ тілегін жаудырды.
"Құттықтаймын, жастар бақытты болсын", "Әпкесінің көзінен інісі үшін қуанышты көрдім", "Бақытты болсын", "Келін құтты болсын", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2069400-sen-magan-kelin-emessin-atysuly-aizan-baizaqovanyn-inisi-uilendi-video/