Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ислам қабылдады": Айжан Байзақованың інісі қалыңдығы туралы айтты

Опубликовано:

Әлихан Байзақов жұбайымен
Әлихан Байзақов жұбайымен. Фото: instagram.com/baizaakov

Блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов үйленгенін әлеуметтік желіде жариялап, қалыңдығы туралы айтып берді. Сондай-ақ қалыңдығы биыл ислам дінін қабылдағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов үйленді. Жас жігіт сүйіктісімен түскен суреттерін Instagram желісінде жариялады.

"Мен 24 жасымда үйленемін деп ойлаған да емеспін. Әйелім биыл ислам дінін қабылдады. Ендеше, несіне созбақтап, қолайлы сәтті күтемін деп ойладым. Ол – менің адамым. Сені жақсы көремін, жаным", – деп Әлихан Байзақов.

Жазылушылар жұпқа бақыт тіледі. "Құттықтаймыз", "Махаббаттарың баянды болсын", "Сендер әдемі жұпсыңдар, бақыт пен шексіз махаббат тілеймін", "Әдемі жұп", т.б. пікір жазғандар көп.

Еске сала кетейік, қаңтар айының басында Әлихан Байзақовтың басы дауға қалған еді. Жас жігіт фитнес-клубта үйлену туралы ұсыныс жасағандай болған видеосын жариялаған болатын. Алайда орнынан тұрған Байзақов бокс тұлыбын ұрғылай бастайды.

Бұл видеосына: "Егер менің ұсынысымды қабыл алмаса", – деп жазған еді.

Желі қолданушыларының айыптауларынан соң ол видеоны өз парақшасынан өшіріп тастады. Кейіннен бұл видео түсірілген фитнес-клуб олардың кез келген зорлық-зомбылыққа қарсы екендігі туралы мәлімдеме жасап, Әлихан Байзақовқа өз залдарына кіруге тыйым салғанын хабарлады.

Айжан Байзақова бауырын қорғауға асықты. Ол отбасындағы зорлық-зомбылық әрқашан үйінде талқыланатын тақырып екенін және оның отбасындағы ер адамдар мұның дұрыс емес екенін өте жақсы білетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2069736-batylym-zetedi-dep-oilagan-zoqpyn-aizan-baizaqovanyn-inisi-uilendi/

pixel