Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тасмағамбетов ұшағын берді": Айгүл Елшібаева Парижде өткен ақындар сайысын еске алды

Опубликовано:

Айгүл Елшібаева
Фото: Айгүл Елшібаеваның Instagram парақшасы

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева осыдан 16 жыл бұрын Парижде өткен ақындар сайысын еске алып, Францияға қалай барғанын айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Айгүл Елшібаева жастық шағындағы естелігі туралы Instagram парақшасында сыр шертті. Өнер иесі Жүрсін Ерманның Парижде өткізген ақындар айтысы қалай өткенін айтып берді.

Әнші сол кезде өзіне демеуші болып, көмегін аямаған жандарға алғысын жеткізді.

"2008-жыл. Ақындар айтысы. Айтыстың жанашыр қарагері, айтысты өрге сүйреп шайтанның да тілін тапқан менеджері - Жүрсін Ерманов ағамыз, ақын, әнші, жыршысын қосып, Парижде ақындар айтысын жасаған кез.

Түркия, Голландия, Австрия, Англиядағы қазақтар айтысқа келіп, Францияны шулатқан кезіміз. Сол кездегі мецанттар Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсенов демеуші болып, қаражатын көтеріп, Иманғали Тасмағанбетов қызметтік ұшағын беріп, барып қайтқанбыз", - деп жазды Елшібаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2069844-imangali-tasmagambetov-usagyn-berdi-aigul-elsibaeva-parizde-otken-aqyndar-saiysyn-eske-aldy/

pixel