"Жақының да басынып кетуі мүмкін": Ерке Есмахан мінезі қандай екенін ашып айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Өнер иесі болашаққа жоспары мен мінезі туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан Instagram парақшасында өмірінде болып жатқан жаңалықтарды жария етті. Сөзінше, қазіргі уақытта жолдасы екеуі жер үй салып жатыр екен.
"Вилламыз салынып жатыр. Ол біткен соң, ойымдағыдай интерьер жасаймын деп отырмын. Ол үйге күйеуімнің де жоспары көп. Көшуге әлі біраз уақыт бар. Ең бастысы Алла қалап, сәтін салсын", - деп жазды әнші.
Сонымен қатар өнер иесі мінезі жайлы бар шындықты айтты.
"Негізі жұмсақтығымның артында ашушаң, өзін қорғай алатын, айқайлап ұрысатын, қатты сөйлейтін, жынды мінезді Ерке бар. Қазіргі заманда тек майысып жүруге болмайды. Жақының да, алысың да басынып кетуі мүмкін. Сол үшін нәзіктіпен бірге басқа да қырларыңызды баланста ұстаған жөн", - деді Ерке.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2069910-zaqynyn-da-basynyp-ketui-mumkin-erke-esmaxan-minezi-qandai-ekenin-asyp-aitty/