"Қатты құлаған сәтте тұруыма себепкер болды": Жахан Отарғалиев анасына алғысын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер Жахан Отарғалиев желіде анасына жантебірентерлік жазба арнады. Өнер иесі өмірінің қиын сәтінде қасынан табылып, қолдау білдірген анасына алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жахан Отарғалиев өмірінде болып жатқан сынақтардан кейін анасы өзі үшін қатты алаңдайтынын айтты.
Актер тіпті екі рет қатты құлаған сәтінде анасы әркез қасынан табылып, оның қайта тұруына себепкер болғанын жеткізді.
"Анашым, уайымдамаңыз. Тұңғышыңыз әлі де сізді қуантады. Өмірімде екі рет қатты құлаған сәтте тұруыма себеп болған мотиваторым. Анашым сізді жақсы көремін. Осы кісінің дұғасына жететін не бар", - деп жазды актер Instagram парақшасында.
Айта кетейік, соңғы уақытта Жахан Отарғалиевтің жеке өмірі қызу талқыға түсуде. Өнер иесінің некесі сәтсіз тоқтап, әйелі Балжан Бидашпен ажырасып кеткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070015-qatty-qulagan-satte-turuyma-sebepker-boldy-zaxan-otargaliev-anasyna-algysyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.