Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әжем 6 жыл бойы үй салды": Ләйлә Сұлтанқызы өзінің туып-өскен ауылын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Наурыз мейрамы қарсаңында тойланатын "шаңырақ күнінде" өзі туып-өскен ауылды көрсетті. БАҚ өкілі қалың көпшілікке балалық шағы қалай өткенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағы өткен мекенді Instagram парақшасында көрсетті.

Оған қоса тележүргізуші марқұм әжесін есіне алып, оның қандай адам болғанын айтып берді.

"Мен Шымкент қаласында дүниеге келдім. 1986 жылы Қайтпас деген жерге көштік. Жер үй салу оңай емес, әжеміз бастап, әке-шешеміз бен бала-шаға қостап жер үй салдық. 5-6 жыл өткеннен кейін сол үйге кірдік. Әжем өте көреген кісі болды. Жаңадан соғылған үйдің алдында екі бөлмелі сарай болатын. Сол жерге от жағамыз. Әжем сол пештің түбінде отырып, түрлі ертегі-әңгімелер айтатын. Менің бала күнімнен ішім көп ауырды. Сондай кезде әжем жанып жатқан пештің үстіне асқабақтың дәнін лақтырып отыратын. Ол қап-қара болып, жарылады. Соны ағам мен інім үшеуіміз отырып, аузы-басымыз күйе болып жеп алушы едік", – деді Сұлтанқызы.

БАҚ өкілі әкесі дүниеден өткен соң, қара шаңырақты сатып жібергенін жеткізді.

"2004 жылы әкем дүниеден озғаннан кейін, әжем мен анамды қалаға көшіріп алдық. Қара шаңырақты сатып жібердік. Балалығың қалған үйді сатпаған дұрыс деп те ойлаймын. Егер әлі күнге дейін қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырсаңыздар, естеліктерді айта отырыңыздар! Бүгін ата-әжені, ауылды еске алатын күн", – деді тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070069-azem-6-zyl-boiy-ui-saldy-laila-sultanqyzy-ozinin-tuyp-osken-auylyn-korsetti-video/

pixel