Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ауыл мұғалімі әйгілі Dua Lipa-ның жаңа альбомына музыка жазды

Опубликовано:

Ерқанат Ерғазыұлы
Ерқанат Ерғазыұлы. Фото: Instagram/eraholic

Қазақстандық ауыл мұғалімі Ерқанат Ерғазыұлы әйгілі британиялық әнші Dua Lipa-ның жаңа альбомына музыка жазды. Әлемдік жұлдыздың ән жинағы үшінші мамырда жарыққа шығады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Eraholic лақап атымен танылған қазақстандық музыкант әйгілі Dua Lipa-мен бірге жұмыс істегені жайлы өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол әлемдік әртістің жаңа альбомындағы тректің бірін әрлеген.

Айта кетерлігі, Ерқанат Ерғазыұлы Абай облысындағы Қарауыл ауылында биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Сонымен қатар ол әншілерге музыка жазумен айналысады. Бұған дейін Ерқанат қазақстандық Say Mo, Delacure, Bikabreezy атты әншілердің әндерін әрлеген.

Отандасымыз септігін тигізген Dua Lipa-ның "Radical optimism" атты альбомы үшінші мамырда тыңдармандарға жол тартады. Бұл жолы әнші жанкүйерлеріне 11 жаңа ән ұсынбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070516-qazaqstandyq-auyl-mugalimi-aigili-dua-lipa-nyn-zana-albomyna-muzyka-zazdy/

pixel