Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше жыл бұрын ірі жол апатынан аман қалған Бақыт Беделханның жары қазіргі жағдайын айтты

Опубликовано:

Айзада Сатыбалдиева
Айзада Сатыбалдиева. Видеодан кадр: "Алғашқы" бағдарламасы

Театр актрисасы Айзада Сатыбалдиева бірнеше жыл бұрын Алматыда болған ірі жол апатынан аман қалған жалғыз адам. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында қазіргі жағдайын айтып, осы қиындықта жанында болған күйеуіне алғыс білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Баланы қалай өбектеп өсіреміз, дәл сондай деңгейде болдым. Орнымнан тұруды, кислород жұтуды үйрендім. Бір жұтым суды жұтудың өзін толық сезіндім", – деді Айзада Сатыбалдиева.

Сонымен қатар актриса жол апатынан кейінгі 5 жылда жанында болып, өзіне қамқорлық жасаған күйеуіне алғыс айтты.

"Бақыт, мен саған ризамын. Рухың мықты екен. Қалай қиналғанымызды екеуміз білеміз. Сенің мықтылығыңды мойындаймын. Сынбауымыз, жеңілмеуіміз керек", – деді Айзада Сатыбалдиева.

Айта кетейік, осыған дейін ақын Бақыт Беделхан әйелі жол апатына түскеннен кейін өмірі қалай өзгергенін айтып берген болатын.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 29-шы желтоқсанында Абай даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жантүршіктірер жол апатынан үш адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында актриса Шолпан Елгезекова бар.

Жол апатынан тек Айзада Сатыбалдиева аман қалған.

Куәгерлердің сөзінше, Gelandewagen көлігі бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кетіп, орнынан қозғалған көлікті соққан. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда ол 30-шы желтоқсан күнін тұтқындалды. Жол апатының себепкері көлікті мас күйінде жүргізгені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070519-birnese-zyl-buryn-iri-zol-apatynan-aman-qalgan-aktrisa-aizada-satybaldieva-qazirgi-zagdaiyn-aitty/

pixel