Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі осылай қуана ма": келіндерімен бірге видео жариялаған Айдарбекова елді күлдірді

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде екі келінімен бірге жаңа видео жариялап, қалың көпшілікті күлдірді. Оқырмандар әзілі жарасқан отбасыға тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова әзіл ретінде түсірілген видеоны Instagram парақшасында жариялады. Онда продюсер үйден шыққан бойда келіндерінің қуанып, би билеп кеткенін көруге болады.

"Ал мен кеттім, келіндер барлығы осылай қуанады ма екен? Ал сіздер ше келіндер? Шынымен осылай ғой, өздерімен өздері еркіндік. Әзіл ретінде түсірдік", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары енесі мен келіндерінің қарым-қатынасына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.

"Бәріміз де осылай қуанамыз", "Шыны керек өмірден алынған сюжет қой", "Күліп тоқтай алмай жатырмыз", "Гүлзира ханым нағыз заманауи ене", "Осы отбасының өзара татулығына тәнтімін", "Келіндерімен әзілдесіп те, трендтен де қалмайды өзі", "Жарайсыз, нағыз көреген, көзі ашық, жүрегі кең кісі", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070582-bari-osylai-quanady-ma-kelinderimen-birge-video-zariyalagan-aidarbekova-eldi-kuldirdi/

pixel