Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оның өз ортасы бар": актер Қажет Смағұл неге Нұрлан Қоянбаевтың фильміне түспей кеткенін айтты

Опубликовано:

Қажет Смағұл сұхбат беруде
Қажет Смағұл сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/SAUMAL

Отандық танымал актер Қажет Смағұл Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес" фильмінің соңғы екі бөліміне не себепті түспегенін ашып айтты. Ол белгілі кинопродюсермен бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін де баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қажет Смағұл ел арасында Нұрлан Қоянбаев екеуі ұрысып қалғаны жайлы тарап жатқан қауесетке нүкте қойды. Өнер иесі кинопродюсермен жақсы араласатынын айтып, "Қазақша бизнес" фильміне түспей кеткеніне оның еш қатысы жоқ екенін жеткізді.

Актердің айтуынша, киноға кім түсетінін сценаристер шешеді.

"Көріскенде құшақтасып амандасамыз. Қатты араласамыз деп айта алмаймын. Оның өз ортасы, менің өз ортам бар дегендей. "Қазақша бизнес" фильмінің соңғы екі бөліміне түспедім. Содан кейін көбісі бізді ұрысып қалды деп жатады. Қанша адам болса, сонша пікір де болады. Бұл -Нұрланның туындысы. Нұрлан өз ақшасына түсірген фильм. Бірақ сценаристер қалай көреді, қалай жазады. Түбінде солай болады. Оған Нұрланның да, менің де қатысым жоқ. Бұл жерде сценаристер шешеді. Олар кімді шақырғысы келетінін өздері біледі. Қайта мені алғашқы бес бөліміне шақырғанына тәуба деймін. Нұрланға ешқандай ренішім жоқ. Қайта оған рахмет айтуым керек. Нұрлан болмағанда менде мұндай танымалдылық болар ма еді", - деді Қажет Смағұл "Saumal" подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070594-onyn-oz-ortasy-bar-akter-qazet-smagul-nege-nurlan-qoyanbaevtyn-filmine-tuspei-ketkenin-asyp-aitty/

pixel