Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миллион кетті": қызды болған Артур Давлетьяров перзентханаға қанша қаржы бергенін айтты

Опубликовано:

Артур Давлетьяров әнші
Артур Давлетьяров. Фото: Taboo бағдарламасы

Жақында екінші қызы дүниеге келген әнші Артур Давлетьяров әйелінің жайлылығы үшін қымбат перзентхананы таңдап, оған қомақты қаражат төлеген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Артур Давлетьяров келіншегі босанайын деп жатқан кезде қасиетті Меккеде болған.

"Меккеде қағбаның алдында дұға тілеп едім. Әйелім бір-екі күнде туып қаламын деп айтты. Оған барынша мені күтуге тырыс дедім. Негізі 28-і босануы керек болған. Сол себепті үлгеремін деп ойлағанмын. Мен ұшаққа отырғанда перзентханаға кетіп бара жатқанын айтты. Мен сегіз сағат бойы ұшақта есім шықты. Уайымдап, ұйықтай алмадым. Ұшақ қонған бойда хабарласып, қызды болғанымды білдім", - дедә әнші.

Өнер иесі келіншегі мен қызының бар жағдайын жасап, Алматыдағы беделді перзентханалардың біріне орналастырған.

"Арнайы палатада болды. Баламның денсаулығын уайымдадым. Қазір неше түрлі жағдайлар болып жатыр. Отбасың үшін істейсің. Солар үшін ақша тауып жатырмыз ғой. Перзентханаға миллион кетті", - деді Артур "Revue News" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2070663-million-ketti-qyzdy-bolgan-artur-davletyarov-perzentxanaga-qansa-qarzy-bergenin-aitty/

pixel