jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Бізді қолдап жүретініңді білем": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің бейітіне барып, құран бағыштады (фото)

    Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен
    Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

    Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркімбаев бірнеше жыл бұрын өмірден өтті. Тележүргізуші Алматыға келіп, марқұм жолдасының бейітіне барғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Бірге жетеміз деген қанша жоспар, қанша мақсат, қанша арман қалды... Бізді қолдап, қорғап жүретініңді білемін. Жатқан жерің жайлы болсын!

    Алматыға келсем, бір жағынан жүрегім тынышталады. Анам осында, Қайрекем Алматыда жерленген. Бүгін құран бағыштап, бейітінің жан-жағын тазалап кеттім. Жаны тыныш болсын", – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында.

    Еске сала кетейік, 2022 жылы қарашада Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.

    "Оқ-жетпес" емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаевтың өмірден өтуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі оның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Скриншот: instagram.com/sultankyzy

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.