"Жүрегі кең жансың": Жұлдыз Әбдікәрімова Заңғар Нұртаспен алғаш танысқан кезді еске алды
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдәкәрімова қайын інісі Заңғар Нұртасты туған күнімен құттықтап, онымен алғаш танысқан кезін еске алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Жұлдыз Әбдікәрімова Заңғар Нұртасқа арнаған ақ тілегін Instagram парақшасында жария еткен. Өнер иесі көпшілікке қайын інісін алғаш көрген сәті туралы да айтып берді.
"Заңғар, біз алғаш кездескенде сен бастауышта оқитын, кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді балақай едің. Өте бауырмал, жүрегі кең жансың. Бүгінде өзін дәлелдеген, ортаңа сыйлы азаматсың. Тған күніңмен құттықтаймын. Заңғардай биік бол! Сені жақсы көремін", - деп жазды актриса.
Айта кетейік, кеше Қайрат Нұртастың туған інісі Заңғар Нұртастың туған күні болды. Оны жаңа жасымен алғашқылардың бірі болып келіншегі Индира Мәуленова мен досы, танымал блогер Жансерік Қадырбаев құттықтаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2071230-zuregi-ken-zansyn-zuldyz-abdikarimova-zangar-nurtaspen-algas-tanysqan-kezdi-eske-aldy/