"Көктем сезіліп тұр": Ерекше образдағы Ерке Есмахан ел назарын өзіне аударды (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жаңа ерекше образдағы суреттерін жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Қалың көпшілік әншінің асқан нәзіктілігіне тәнті болып, оған жылы лебізін білдіруде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан жаңа фотосессиясын Instagram парақшасында жария еткен. Онда эстрада жұлдызының қызғылт түсті пальто киіп алып, қалада серуендеп жүргенін көруге болады.
Өнер иесі Prada брендінің қымбат сөмкесін ұстап, қолына 4 жарым миллион тұратын Cartier сағатын тағып алған.
"Гастрольден келіп, қазір Алматыдамын. Үйдің шаруасы бітпейді. Кір жуу, жаю, үтіктеу, күйеуімнің ақ шұлықтарын ағарту, сәресі мен ауызашарға тамақ, үй жинау, бала бағу - бәрі менің мойнымда деп ойлап қалмаңыздар. Менікі тек ерігіп осылай суретке түсу. Көктем енді сезілді", - деп әділдесті әнші.
Желі қолданушылары әншінің образына тәнті болып, оған түрлі пікір қалдырып жатыр.
"Неткен әдемі пальто. Тура сіз үшін тігілгендей", "Нағыз көктем сезіліп жатыр. Нағыз нәзік әйелдің символы", "Осылай еркелеп жүре беріңіз", "Көктемде одан бетер құлпырып кетіпсіз", "Сондай нәзік әрі қылықты ару. Қатты қызығамын сізге", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2071242-koktem-sezilip-tur-erekse-obrazdagy-erke-esmaxan-el-nazaryn-ozine-audardy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.