Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол сәт қайтып келмейді": Мөлдір Әуелбекова ақша табуға құмар жас аналарға ақылын айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бала тәрбиесі жайлы сөз қозғап, ақша табуға құмар жас аналарға ақылын айтты. Өнер иесі ақшаның артынан ереміз деп, баланың балалық шағын өткізіп алмау керек екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында сұхбатынан үзінді жариялады. Онда эстрада жұлдызы бала тәрбиесіне қатысты ойын ортаға салған.

Ол бүгінде ақша табуға құмар аналар көбейіп кеткенін алға тартып, бұл жағдайдың балаға тигізетін кері әсерін айтты. Әншінің сөзінше, балаға алдымен ақша емес, ана мен оның жылулығы керек.

"Бүгінде бәрі арпалысып жатыр. Бәрі ақша тауып, табысқа кенелгісі келеді. Бірақ міндетті түрде кідіріп үйреніңіздер. Өйткені бала ертең тез өсіп кетеді. Сен баланың кішкентай кезін сағынатын боласың. Ол сәт қайтып келмейді. Ана мен бала бір-бірін толтырып үлгеру керек. Бала анасының махаббаты мен құшағына толып үлгеру керек. Әр ана баласының қамы үшін жүгіріп жүретіні белгілі. Бірақ ол балаға маңызды емес қой. Балаға бала кезде сен керексің, махаббат, сезім, көңіл, жылы сөздер керек". Ақшаның артынан ереміз деп, балаларымыздың балалық шағын өткізіп алмайық! Балаға ең әуелі махаббат, жылулық, сезім мен мейірім керек" , - деді Әуелбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2071275-ol-sat-qaityp-kelmeidi-moldir-auelbekova-aqsa-tabuga-qumar-zas-analarga-aqylyn-aitty/

pixel